Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес Жоғары мектебінде Erasmus+"ENINEDU–Жаңа әлеуметтік ортаға сәйкес жоғары білім мен корпоративтіксекторлардың интеграциясын жақсарту" жобасы аясында бизнес – ортаөкілдерімен кездесу өтті. Университет атынан кездесуге ЭжБЖМ басшылығы, кафедрамеңгерушілері, білім беру бағдарламаларының үйлестірушілері, жұмыс берушілерКеңесі мен түлектер Ассоциациясының жұмысына жауапты тұлғалар, Erasmus+ ENINEDUжобасының командасы қатысты. Бизнес-ортадан ВТБ, ID GROUP, АлматыСтройКонтракт,ZereLand, Қазақстан Жібек жолы және Walter Williams сияқты компаниялар қатысты.
Кездесудің мақсаты –университет пен бизнес орта арасындағы өзара қарым қатынасты жақсарту.
Міндеттері:
- ЭЖБжМ студенттері үшінмастер-класстар, тренингтер, көшбасшылық дәрістері мен семинарлар ұйымдастырумүмкіндігін талқылау;
- білім беру бағдарламаларынжаңарту бойынша жұмыс тобына қатысу мәселелері;
- бітіруші курс студенттерінтағылымдамаға / практикаға қабылдау мүмкіндігі;
- "Жастар жәнемансап" порталының жұмысына қатысу;
ID-GROUP компаниялар тобының бас директоры Шакирова Гүлнар Амангелдіқызы өзбизнесінің қызметі, оның құрылымдық элементтері және экономика және бизнесжоғары мектебімен ұзақ мерзімді қарым-қатынас қалай құрылатыны туралы айтып өтті,практика жүзінде ЖОО түлектері алған кәсіби білімдерін тереңдетіп, өзқұзыреттерін кеңейтіп, тереңдете түсетінін атап өтті. Жұмыс берушілердің оқупроцесіне және білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысуының дұрыстығыменкелісті.
А. Жидебекқызы Экономика және бизнес жоғары мектебі мен бизнес-орта арасындағыұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамыту туралы ұсыныс жасады.
"Қазақстанның Жібек жолы" компаниясының өкілі және HR-директорыМұхитова Зауре мен Абабахриева Саида, "АлматыСтройКонтракт"компаниясының қаржы директоры Өзенбаева Аида, "ZereLand"балабақшасының негізін қалаушы кәсіпкер Бекқожа Салтанат, ВТБ банктің Алматыфилиалының директоры және директорының орынбасары Мұсағалиев Асхат жәнеКосарева Анастасия қызықты идеялармен және ұсыныстармен сөз сөйледі.
ВТБ-банктіңАлматы филиалының директоры Асхат Мұсағалиев өз филиалы туралы айтып,лекцияларды тегін оқуға, әрдайым банкте бизнес жөнінде кеңес беруге, өзбанкінде мектеп филиалын ашуға дайын екендігін айтты.
Кездесу барысында келесімәселелер бойынша келісімге қол жеткізілді:
1. Жұмыс берушілермен бірлесіпстуденттерге арналған интеграциялық сессиялар өткізу мүмкіндіктері;
2. Түлектердің кешендідипломдық жобаларын енгізу мүмкіндігі;
3. Жұмыс берушілердіңобъектісінде кафедра филиалдарын ашу;
4. Тұрақты түрдемастер-кластар жүргізу;
5. Білім беру бағдарламасынәзірлеу жөніндегі жұмыс тобына қатысу;
6. Икемді оқу тәжірибесі ментағылымдамалар ұйымдастыру;
7. Жұмысқа қабылдаумүмкіндігімен өндірістік тәжірибені ұйымдастыру;
8. Мемлекеттік емтиханкомиссиясына мүше болу;
9. Оқытушылар үшінбіліктілікті арттыру курстарын өткізу.
Өткізілген нетворкинг түлектердің кәсіби құзыреттілігін іс жүзінде растауға,оларды жұмысқа орналастыруға мүмкіндік береді, ал бизнес өкілдері өздерініңғылыми білімдерін дамыту мақсатында өздерінің құрылымдарына барынша дайындалғанжәне сауатты түлектерді таңдап алуға мүмкіндік алады, және осы негізде ЖОО менбизнес арасындағы ұзақ және өзара тиімді қарым-қатынасты дамытуға жол ашады.