Полезная информация

.

.

Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына старт берілді

29 қаңтар 2020 жылы Алматы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын ресми салтанатты түрде атап өту рәсімінің басталуы болады. ЮНЕСКО қамқоршылығымен халықаралық ауықымда кеңінен аталып өтетін әл-Фарабидің мерейтойлық жылы әлемнің 40-тан аса елінен қонақтардың басын қосады.

ОРТАҚ МАҚСАТ – ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ

Жидда қаласында Ислам ынтымақтастығы ұйымының (ИЫҰ) штаб-пәтерінде Сауд Арабиясы Корольдігіндегі ҚР Елшісі Берік Арын, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов және ҚазҰАУ ректоры Тілектес Есполов ИЫҰ Бас хатшысының орынбасары Ахмед Сеньомомен, сонымен бірге ғылым және технологиялар департаментінің бас директоры Ирфан Шаукатпен бас қосты. Кездесуде әріптестікті дамыту, сондай-ақ білім беру, ғылым және технология салаларында Қазақстанның бастамаларын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Erasmus+ ENINEDU жобасының ішкі аудиті

Кот-д-Азур университеті (Франция) Технологиялар институтының директоры, Ректордың бизнес-ортамен байланыс жөніндегі кеңесшісі профессор Жан-Кристоф Буас (Jean-Christophe Boisse) Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға Erasmus+ «Жаңа әлеуметтік орта талаптарына сәйкес жоғары білім беру жүйесі мен корпоративтік сектордың интеграциясын күшейту – ENINEDU» жобасы бойынша ішкі аудит жүргізу мақсатында арнайы келді.

Студенты презентовали проекты на республиканском форуме "Мен жастарғасенемін"

«Экономика» мамандығының 3 курс студенттерінен құралған 2 топ «Мен жастарға сенемін» ұлттық форумында «Onay tamaqtan» және «Тұтынушылар құқығын қорғау қызметін цифрландыру» жобаларын ұсынды. Жетекшісі - «Экономика» кафедрасының оқытушысы Салибекова П.К.

«ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ЕСЕП» кафедрасының студенттеріне арналған лидерлік дәріс

2019 жылы 2 қыркүйекте әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес Жоғары мектебінде "Қаржы", "Есеп және аудит" мамандықтарының 1-курс студенттері үшін лидерлік дәріс өтті. Спикерлер ретінде ҚР Ұлттық Банкі банктік реттеу департаментінің бас маманы Әлібеков Азат, "BS2" компаниясының бас бухгалтері Жамбыл Айжан, «Europharma» АҚ басқарма Төрағасы Руслан Берденов сөз сөйледі.

«Жоғары білім беру жүйесі мен бизнес ортаның интеграциясы (Кот-д-Азур университетінің мысалында)» ат

Кот-д-Азур университеті (Франция) Технологиялар институтының директоры, Ректордың бизнес-ортамен байланыс жөніндегі кеңесшісі профессор Жан-Кристоф Буас (Jean-Christophe Boisse) Экономика және бизнес жоғары мектебінің профессорлық-оқытушылық құрамына Erasmus+ ENINEDU жобасы аясында семинар өткізді. Семинардың тақырыбы – «Жоғары білім беру жүйесі мен бизнес ортаның интеграциясы».

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚазҰУ-ға келді

ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов Президентке университеттің ғылыми-білім беру және инновациялық қызметін, оның жетістіктерін егжей-тегжейлі баяндап берді. Мемлекет басшысына ҚазҰУ-дың әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналатыны туралы айтты.

Erasmus+ ENINEDU жобасының аясында бизнес-ортаның өкілдерімен кездесу

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес Жоғары мектебінде Erasmus+ "ENINEDU–Жаңа әлеуметтік ортаға сәйкес жоғары білім мен корпоративтік секторлардың интеграциясын жақсарту" жобасы аясында бизнес – орта өкілдерімен кездесу өтті. Университет атынан кездесуге ЭжБЖМ басшылығы, кафедра меңгерушілері, білім беру бағдарламаларының үйлестірушілері, жұмыс берушілер Кеңесі мен түлектер Ассоциациясының жұмысына жауапты тұлғалар, Erasmus+ ENINEDU жобасының командасы қатысты.