ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов Президенткеуниверситеттің ғылыми-білім беру және инновациялық қызметін, оның жетістіктерінегжей-тегжейлі баяндап берді. Мемлекет басшысына ҚазҰУ-дың әлемдік деңгейдегізерттеу университетіне айналатыны туралы айтты. Алға қойылған мақсатқа қолжеткізу үшін ЖОО кешенді құрылымдық жаңартулар жүргізіліп, кластерлік әдіснегізінде факультеттер құрылды және кафедралар ірілендірілді, әрбірқызметкердің рейтингтік жетістіктері мен жұмыс нәтижесін бағалауға бағытталғанүдерістік басқару жүйесі енгізілді. ҚазҰУ-дың халықаралық рейтингтердеілгерілеуі осы жаңартулардың табысты нәтижесі болды. Білім ордасы 2011 жылданбастап беделді және танымал «QS WUR» рейтингі бойынша 400-ден астам сатыға алғажылжып, ағымдағы жылы әлемнің үздік жоғары оқу орындарының ішінде 207 орындыиемденді.
Сапар барысында Қ.Тоқаев МВА және DBAорталықтары, ислам қаржылық, кәсіпкерлік және қаржылық, биржалық технологияларкіретін бизнес-құзыреттер дамыту кластерімен танысты. Олар қаржы және биржалықтрейдинг саласындағы әлемдік жетік тәжірибені пайдалана отырып Ұлттық банкпен,«Астана» МФЦА және шетелдік серіктестермен бірлесіп жұмыс істейді.
Ректорат ғимаратында Президентке ағымдағықызметтерге бақылау және мониторинг жасау үшін интерактивті ақпараттардыжинайтын және талдайтын заманауи байланыс құралдарымен жабдықталған жағдаяттықбасқару орталығын көрсетті. Мұнда оқу орнының басшылығы мен қызметкерлеріақпараттарды талдауға және шұғыл шешім қабылдауға мүмкіндік беретін өзекті жәненақты мәліметтерді жедел режимде алады.
ҚазҰУ-дың зерттеу университетіне айналуыныңмаңызды құрамдас бөлігі болып барлық бизнес-процестердің сандық форматқа көшірілуіболып табылады. Автоматтандыру қызметіне бұлттық технологияларды, кампусинфрақұрылымын басқаруға Smart-технологияларды, сараптау жүйесін қалыптастыруүшін Big Data технологиясын енгізу және ІТ-қызметтерін дамытып университеттісапалы, жаңа сандық деңгейге көтерді. Бүгінде ҚазҰУ-дың цифрландыру тәжірибесіншетелдік және қазақстандық ЖОО өздеріне қабылдап жатқандығы мемлекет басшысынаайтылды.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Кемелұлы студенттіккампус аумағында орналасқан «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығынаралады. Бұл орталық «бір терезе» қағидаты бойынша студенттер мен оқытушыларға– білім беру, әлеуметтік-тұрмыстық, мәдени-ойын-сауық мақсаттағы, тіпті алғашқымедициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету мен денсаулық диагностика сияқты500-ден астам қызмет түрлерін ұсынады. Мұнда ол студент жастарменкездесіп әңгімелесті.